
Қазақстанда 9 мамыр негізгі мемлекеттік мерекенің бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен күн деп белгіленген. Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңсәріде Германия фашистері, 1939 жылы келісілген совет-герман шартын бұзып, КСРО-ға шабуылын бастаудан басталды. Майдан алаңына Қазақ ССР-нан 1,2 миллионнан аса әскер, 12 атқыштар, төрт кавалерия дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар алынды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 499 қазақстандықтар, олардың ішінде 99 қазақ Совет Одағының Батыры, Халық Қаһарманы атағына ұсынылды. Сонымен қатар қазақтың екі аруы – Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова Совет Одағының Батыры атағын алды. 110 қазақстандық үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.
Батырларлың ерлігі мәңгі есімізде, басымызды иіп тағзым етеміз!
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
Басқа жаңалықтар
