Болашаққа бағдар!

4 маусым, 2020

Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында елді рухани жаңғырту мәселелері қозғалады.Қазіргі кезде капиталистік мемлекеттер ерекше қарқында даму үстінде,бұл бір жағынан жақсы болса да,екінші жағынан ішкі құндылық-рухани дамуды ұмытып жатыр. Сондықтан көреген елбасы осы олқылықтарды толтыру мақсатында рухани байлығымызды байыта отырып жаңғырту қажет екендігін атап көрсетті.Елбасы айтқандай,ұлттық салт-дәстүріміз,әдет-ғұрыптарымыз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиеттеріміз ешқашан ұмытылмау керек.Ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, мектептен,бала-бақшадан берілері анық.Сондықтан ата-ана ,ұстаздар ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны дұрыс.

Осы Елбасымыздың Жолдауын орындау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көптеген жұмыстар жүргізілді.

Биылғы жылы елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап,  мерейтойды дайындау  және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрған болатын. Алғашқы   шара Алматыдағы әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінде бастау алды. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай "Ұлы даланың ұлы  есімі" атты салтанатты іс-шара өтті. Ұстаздарға арналған , Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған" Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы" атты 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының аясында "Білім беру саласының цифрлық жүйеге көшуі-заман талабы" атты секция бойынша конференция өтті.Конференцияға білікті ұстаздар қатысып,өз ойларын ортаға салды.  

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінінің ұйымдастыруымен сәуірдің 7-8 күндері аралығында студенттер мен жас ғалымдардың арасында онлайн жүйесінде "Фараби әлемі-2020" атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты –Қазақстан республикасындағы қазіргі білім мен ғылым дамуының өзекті мәселелерін талқылау, жастар арасындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштікті қалыптастыру, Елбасы саясатын жастар арасында дәріптеу.Бұл конференцияға шетелдік тыңдаушылары мен дайындық бөлімнің тыңдаушылары, мектеп және колледж білім алушылары қатысты. Барлық баяндалған жұмыстардың өзектілігі жоғары, тақырыптары қызықты болды. Әрбір баяндама профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттер арасында қызу  талқыланып, жоғары деңгейде бағаланды.

Адамзаттың рухани жаңғыруы үшін білім,еңбек және бірлік керек.Бұның бәрі сайып келгенде,елбасымыздың еңбегінің бірі деуге болады.

Аға оқытушы Идрисова Гүлжан Асанқызы!