№1 Ұлттық университет

6 маусым, 2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің көшбасшылық орнын тағы бір мәрте растады. Басқа көп салалы университеттерден әлдеқайда алға озып, ол Қазақстандағы ең үздік ЖОО-лардың ұлттық рейтингісінде (IQAA-Ranking) бірінші орынды иеленді.

Университет 10 жылдан астам уақыт бойы ұлттық рейтингте жетекші орында, ол QS WUR, QS by Subject, ARES және т.б. халықаралық рейтингілерінде табысты алға ілгерілеп, өзінің әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін растауда.

IQAA-Ranking ұлттық рейтингі жоғары оқу орындарын саралаудың көп өлшемді халықаралық стандарттарына негізделеді, оны Академиялық рейтинг және басымшылықтың халықаралық обсерваториясының (IREG) сарапшылары бекітеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеттің ғылыми және білім беру қызметінің кең спектрі бойынша, сонымен қатар сарапшылар мен жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланды.

www.kaznu.kz