Елбасының Қазақстан халқына Жолдау
1 қыркүйекте эдвайзер Жазира Абдрахманова филология және әлем тілдері факультетінің 2 курс, қазақ филологиясы, 201 топ студенттерімен онлайн-кездесу ұйымдастырып, Елбасының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Кездесу басында Жазира Абрахманова студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда шығармашылық табыс тіледі. Содан кейін ол студенттерді Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырды. Осыдан кейін студенттер барлық азаматтар үшін бүгінгі қиын жағдайда бұл жолдау Қазақстан жастары үшін қуатты стимул ретінде қызмет етуі керек екенін, студенттер пандемияға қарамастан, алған білімдерінің көмегімен өз Отанының одан әрі дамуына үлес қосу мақсатында оқитындығын атап өтті.