Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама конкурсына қатысушылардың назарына!

20 қазан, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның тестілеуге жіберу туралы шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді. 

Тестілеуге жіберілген қатысушылардың толық тізімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің www.kaznu.kz сайтында, сонымен қатар Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының https://niis.kz сайтында жарияланған.

Қазақстан тарихы бойынша байқау тестілеу күні 2020 жылдың 21 қазанында (тестілеу бағдарламасының техникалық мүмкіндіктерімен танысу үшін). Байқау тестілеу үшін логин- қатысушының ұялы телефон нөмірі, пароль- қатысушының ЖСН. Байқау тестілеу уақыты Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін.

Негізгі тестілеуді өткізу күні 2020 жылдың 22 қазаны. Негізгі тестілеудің басталу уақыты Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.30. Негізгі тестілеу парағына сілтеме, логин және пароль қосымша sms-хабарлама арқылы жіберілетін болады.

Үміткерлерді тестілеу электрондық нысанда, онлайн-режимде бір сағат ішінде өткізіледі және 40 (қырық) сұрақтан тұрады. Үміткерлер үшін тестілеуден өту мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды.

Электрондық тестілеуден өту үшін қажет: жеке басты куәландыратын құжат; веб-камера мен микрофон қосылған жеке компьютер немесе ноутбук; интернеттің тұрақты жылдамдығы.

Тестті автоматты прокторинг жүйесі бақылайды, ол үміткердің жұмыс үстелін, кадрдағы адамдардың санын, сыртқы дыбыстарды немесе дауыстарды және көздің қимылын веб-камера арқылы нақты уақыт режимінде онлайн тестілеуде бақыланады.

www.kaznu.kz

Байқауға қатысушылардың тізімі.doc