- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанның териофаунасын анықтағыш құралдардың бірі алғашқы рет мемлекеттік тілде жарық көрді
Қазақстанның териофаунасын анықтағыш құралдардың бірі алғашқы рет мемлекеттік тілде жарық көрді
Ұсынылып отырған оқулық – Есжанов Е.Б. «Қазақстан териофаунасының анықтағышы» /Есжанов Е.Б., Мұсабеков Қ.С. -Алматы: Қазақ университеті; 2020. - 362 б. – табиғатта және зертханалық жағдайда Қазақстанның сүтқоректілерін анықтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік тілде жазылған алғашқы анықтағыш құралдардың бірі.
Кілтте Қазақстандағы сүтқоректілердің 180-ден астам түріне сипаттама берілген, мұнда отрядтың, тұқымдастың, туыстың және түрлердің негізгі сипаттамалары көрсетілген. Сонымен қатар, түрдің қысқаша сипаттамасы мен түрлі-түсті фотосуреттері келтірілген.
Анықтағышты кіші және үлкен практикум сабақтарында, жергілікті териофаунаны анықтау үшін оқу далалық практикасында келесі пәндер бойынша пайдалануға болады: «Омыртқалылар зоологиясы», «Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі», «Териология», «Зоологияны зерттеу әдістері».
Оқу құралы «Биология», «Биотехнология», «Биология-педагогика», «Балық аулау», «Экология», «Аңшылық және аң шаруашылығы» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге және осы аймақтың сүтқоректілеріне қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.
#biofac_2020
#БиологияжәнеБиотехнологияфакультеті
#БиоалуантүрлілікжәнеБиоресурстарКафедрасы