Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына арналған конференция
Халықаралық қатынастар факультетіінде 2020 жылдың 12 қарашасында «Заманауи халықаралық қатынастардағы Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры астында» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтеді.
Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Конференция барысында заманауи халықаралық қатынастардағы, сыртқы саясат пен дипломатиядағы, халықаралық құқық, әлемдік экономика, халықаралық аймақтану және жаһандану мен цифрлық технология кезеңіндегі елтану мәселелері және шет тілдерін оқытудың өзекті әдістері талқыланады.
Сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренада Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық бағытының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бағдары және дипломатиясымен сабақтастығына талдау жүргізеді.
Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға Қазақстан мен ТМД елдері, алыс шетелдердегі ғылыми - сараптамалық қауымдастықтардың жетекші өкілдері, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, ҚР СІМ, шетелдік елшіліктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Конференция жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Конференцияны өткізу орны және форматы: Алматы қаласы, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, онлайн.
Конференцияны өткізу уақыты: 14.00-16.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен)
Қатысу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (707) 748 01 26 немесе мына электрондық мекенжай бойынша хабарласыңыз: Syrym.Parpiyev@kaznu.kz; pmsacademic@gmail.com.
Парпиев Сырым Маратович
Құрметпен,
конференция ұйымдастыру комитеті