Мақала жазудың майталманы

10 ақпан, 2021

«The Qazaq Times» ақпараттық порталында журналист, контент-редактор болып қызмет атқаратын Жұматай Арай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2016-2020 жылдары «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы қоры стипендиясына ие бола жүріп, бакалаврды тәмәмдаған Арайды қазірде өзіндік жазу стилі қалыптасқан журналист деп атауға әбден болады. Оны курстастары «мақала жазудың майталманы» деп атайды. Факуьтеттің ғылыми шараларына да белсенді араласып, көетеген нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ:            

1.М.Барманқұлов оқулары аясында өткен «Жас мобильді репортер» атты ғылыми форумының «Ең үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері;

2. «Әл-Фараби әлемі» оқулары және V Қожакеев оқулары аясында «Әл-Фараби және Замансөз: дәстүрлер диалогы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Т.Қожакеев өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері;

3. V Бекхожин оқулары аясында «Қазақ баспасөзінің даму жолдары және таяу болашағы» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумында «Ең үздік публицистика» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері;

4. Журналист Бейбіт Құсанбектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жарқ ете қалған жасын» республикалық студенттік эсселер байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері;

5. V Халықаралық Фараби оқулары аясында өткізілген Абдул-Хамид Мархабаевтың ғылыми және шығармашылық жолы жөнінде «Мархабаев оқулары» байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері;

6. Жазушылар одағы мен журналистика факультетінің ұйымдастыруымен өткен Темірбек Қожакеев оқулары мен ғылыми форумның «Ең үздік публицистикалық туынды» номинациясының жеңімпазы, І дәрежелі диплом;

7. Халықаралық «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының ІІ дәрежелі диплом иегері;

8. Алматы облысы әкімінің және облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасының және «Алтын белгі» иегері.              

9. 2020 жылы 6-7 ақпан аралығында Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы жоғары оқу орнында өткен «Еуропа ХХІ ғасыр» атты оныншы ғылыми халықаралық конфренцияда баяндама жасап, арнайы сертификатпен марапатталған;  

     Ұстаздың марапаты - шәкірттің жетістігі. Біл солармен мақтанамыз!

                                                          Клара Қабылғазина