ҚазҰУ ISO халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес жұмыс жасайды

26 ақпан, 2021

ҚазҰУ-да сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) ресертификаттау аудиті сәтті өтті. Аудиттің мақсаты – университет СМЖ-нің ISO 9001:2015 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған. Ресертификаттау аудитін «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығының аудиторлары жүргізді.

Аудиторлар, университеттің барлық салалары мен қызмет бағыттарының бизнес-процестерін реттейтін жаңа құжатталған процедураларды жасау және оларды қолданысқа бейімдеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Университеттің сапаға жауапты тұлғалары тәуекелдерді сәйкестендіру, оларды бағалау және басқару процестерінің негізін жасап, оларды жүзеге асырған. Жалпы процестік менеджментке және бизнес-процестерінің нәтижелі болуына барлық қызметкерлердің тартылғандығы аудиторлардың ерекше назарын аударды. Университет қызметінің барлық бағыттары бойынша, мақсатты көрсеткіш-индикаторлары индикативті жоспарлау жүйесінде нақты анықталған және табысты жұмыс жасауда. Рейтинг жүйесі - оқытушы-профессорлар құрамы, кафедралар мен факультеттер қызметінің нәтижелілігін бағалау құралы болып табылады. Аудит барысында индикативті көрсеткіштер жүйесі кафедралар мен факультеттер деңгейіндегі жұмыстарға егжей-тегжейлі SWOT талдау жүргізуде және оның негізінде одан әрі жетілдіру жоспарларын жасау үшін де тиімді қолданылатындығы байқалды.  

«Русский Регистр» сертификаттау бірлестігінің аудиторлары жүргізген ресертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің процестік менеджменті ойдағыдай іске асырылып, университеттің сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес екендігі анықталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымын ресертификаттау аудитінің сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және болашақта сәттілік тілейміз!

www.kaznu.kz