Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы

4 наурыз, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2021 жылдың 6-8 сәуір күндері өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу орындарындарында білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары 2021 жылдың 6-сәуірінен бастап секция отырыстарында қашықтық форматта тыңдалады.

Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасы 2021 жылдың 20 наурызына дейін конференция хатшылары қабылдайды.

Толық ақпаратты ақпараттық хаттан алуыңызға болады.