- Басты бет
- Жаңалықтар
- Онлайн конференция "ЖММ түлегінің жаңа моделі-білім беру бағдарламасын кеңейту"
Онлайн конференция "ЖММ түлегінің жаңа моделі-білім беру бағдарламасын кеңейту"
2021 жылдың 5 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің М және ДСФ ЖММ, ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен және ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен бірлесіп "ЖММ түлегінің жаңа моделі-білім беру бағдарламасын кеңейту, МСАК маманының тәжрибесіндегі орфандық аурулар" атты халықаралық қатысумен республикалық ғылыми - практикалық онлайн конференция өткізді.
Конференцияға атақты генетиктер, Қазақстан ғалымдары, алғашқы буын дәрігерлері, балалар психиатрлары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ интерндері зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулары, Гоше ауруы, мукополисахаридоз, орфандық аурулардың аутистикалық маскалары, альвеолярлы протеиноз, Луи-Барр синдромы, IgG4 - қауымдасқан ауру, С1 тежегішінің тапшылығы, балалардағы туберкулезді склероз, Вильсон – Коновалов ауруы және басқалары сияқты сирек патологиялар туралы баяндамалармен белсенді қатысты.
Ресейден шақырылған Пирогов Н.И. атындағы ФМАББМ ЖБ РҰМЗУ медициналық генетика бөлімінің меңгерушісі,спикер-Михайлова Светлана Витальевна балалардағы тұқым қуалайтын нейрометаболикалық аурулар туралы айтып, Қазақстанда орфандық аурулары бар науқастар үшін көп жұмыс жасалғанын және жетістіктердің бірі - жол картасы екенін атап өтті.
Кездесу соңында қарар қабылданды, оның бір тармағы медициналық ЖОО-да білім берудің (даярлаудың барлық деңгейлерінде) клиникалық практикамен байланысын күшейту, өмір бойы сирек ауруы бар балаларды алып жүру алгоритмін құру, ҚР-да медициналық-генетикалық зертханалар желісін кеңейту және басқа да әрекеттер жайында болып табылады.
Конференцияның маңызды бейресми бөлігі әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің сөйлесуі мен пікірталастарының мүмкіндігі болды. Мұндай кездесулердің маңыздылығы айқын. Келесі жылы наурыз айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ М және ДС факультеті Жоғары Медицина Мектебі осы ауқымдағы кезекті конференция өткізуді жоспарлап отыр. Біз қатысуға ниет білдіргендердің барлығына қуана қарсы аламыз.
Біз барлық қатысушыларға керемет баяндамалар, қызықты пікірталас және үлкен тәжірибе үшін алғыс айтамыз!