"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясындаFarabi University

"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында

22 наурыз, 2021

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Экономика» және «Қазақ филологиясы» мамандықтарының студенттері эдвайзерлері Г.Р.Даулиева және Г.К.Андабаевамен бірге Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мұқағалидың шығармашылық мұрасы лирикаға толы. Мұқағали поэзиясы бүкіл қазақтың табиғатын көрсетеді. Біздің ұрпақтың міндеті – бүкіл қазақ халқының жүрегіне жол тапқан ақын шығармаларын өзіне тән дыбыспен, ақынның жұмбақ қолжазбасымен кеңінен насихаттау. «Қазақ филологиясы» мамандығының бірінші курс студенттері ақын өлеңдерін жан дүниесімен мәнерлеп оқыды.