Мұқагали Мақатаевтың 90 жас мерейтойына байланысты тәрбиелік іс-шара

1 сәуір, 2021

2021 жылдың 16 наурызында Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ұ.Б. Адилбаева, аға оқытушы Гайипова Г.А. және Абай атындығы ҚазҰПУ-нің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Артықова Е.О. бірлесіп 1 курс студенттері арасында белгілі қазақ ақыны, жазушы, аудармашы Мұқагали Мақатаевтың 90 жас мерейтойына байланысты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындығы ҚазҰПУ студенттері онлайн режимде ағылшын тілінде презентациялар жасап, ақынның өлеңдерін оқыды және Мұқагали Мақатаевтың творчествосының қазақ халқы үшін маңызыдылығын атап өтті.