«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ Медицина және денсаулық сақтау факультеті, Жоғарғы медицина мектебі, іргелі медицина кафедрасы "Еуразиялық морфологтар ұйымы»

25 мамыр, 2021

Конгресс аясында алғаш рет медициналық университеттерде оқу мақсатында мәйіт материалының донорлығы мәселесі бойынша "BODY DONATION: A GLOBAL PERSPERCTIVE IN A ROUND TABLE DISCUSSION" дөңгелек үстелі ұйымдастырылады. Әр түрлі елдер мен континенттердің морфологтары өз тәжірибелерін, мәселелері мен шешімдерін ұсынады.

Конгресс бағдарламасында Халықаралық анатомиялық қауымдастықтар федерациясының ерекше "Workshop on scientific writing" мастер-классы өткізіледі http://isms2020.kz/index.php/workshop-form

 

Конгресс аясында жас ғалымдар секциясы, баяндамалар байқауы өтеді.

Үздік баяндама сыйлыққа ие болады (100 €).

Постерлік секциялар түрлі тақырыптық бағыттар бойынша онлайн режимінде өткізіледі.

Конгрестің соңғы кезеңінде келесі ISMS 2023 конгресін өткізу туралы шешім қабылданатын Халықаралық Морфологиялық Ғылымдар Симпозиумы комитетінің отырысы өтеді https://www.symposiamorphologica.com/,. Симпозиумның жабылу салтанатында конгресстің туы мен мөрі салтанатты түрде келесі Конгрестің Президентіне беріледі.