
26 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ДИОР музасы. Алла Елшіннің ашылмаған жұмбағы» және «L’Enigme d’ALLA. Muse de DIOR» кітабының авторы, «Алла – Диордың шығыс маржаны» деректі фильмінің бас продюсері, экономика ғылымдарының докторы, дипломат Берлин Иришевпен кездесу өтеді.
«Париждің сәні мен әсемдігі» шарасына Басқарма төрағасы - ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс, белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениеттанушылар, оқытушылар және студенттер қатысады. Жүргізуші ретінде қазақстандық саясаттанушы және қоғам қайраткері Досым Сатпаев сөз сөйлейді.
Франция рухына бөленген қазақстандық дипломат Берлин Иришев өз кітабында аты аңызға айналған қазақ-орыс текті париждік сән әлемінің падишасы Алла Ильчунның таңғажайып тағдырын суреттейді. А. Елшін есімі қазақ тілінде дәл осылай айтылады. Ол ХХ ғасырдың ортасында биік подиум әлемін таңқалдырып, ұлы француз киім модельері Кристиан Диорға ұмытылмас ерекше әсер қалдырды.
Берлин Иришевтің кітабында алғаш рет сәнгердің жеке өмірі мен мансабы туралы мұрағаттық құжаттар, отбасылық мұрағаттардағы сирек кездесетін фотосуреттер, оның жалғыз ұлының естеліктері, сән тарихшыларының пікірлері жинақталған. Ұзақ жылдар бойы көптеген адамдар «Алла энигмасын» шешуге және оның әлемдік жетістік құбылысын түсіндіруге тырысқан.
Тұсаукесерде автордың қолтаңбасы бар кітаптарды алуға мүмкіндік болады.
Өтетін күні және уақыты: 2021 ж., 26 мамыр сағ. 17.00
Өтетін жері: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы 4 қабат, 409 каб.
Іс-шараның өту форматы: аралас оффлайн және онлайн
Zoom-да қосылу сілтемесі:
https://us02web.zoom.us/j/87818888650?pwd=VFJLaFJ4ZjFpZkxLRG83eFpYczRWdz09
Конференция идентификаторы: 878 1888 8650
Құпия код: 699732
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі