Ашық есік күні!

26 мамыр, 2021

2021 жылы 20 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде жыл сайынғы дәстүрлі «Ашық есік күні - 2021» іс-шарасы онлайн форматта өтті.

Іс-шараның басты мақсаты - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медицина және денсаулық сақтау» және «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» бағытындағы білім беру бағдарламаларының презентациясы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық факультеті сізге дене шынықтыру және спорт бойынша оқытушылар мен жаттықтырушыларды, дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандарын сапалы даярлауға бағытталған бакалавриат, магистратура, докторантура, практика және тағылымдамадан өтуге жоғары сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Іс-шара аясында түлектің болашақ кәсібі туралы, университеттің артықшылықтары туралы бағдарламаларға қабылдау және оқыту үдерісі таныстырылды. Ашық есік күні конференцияға қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Қазақстан Республикасының басқа университеттерінен айырмашылығы, болашақтағы келешегіңіз қандай болатындығы туралы білді.