«Қазақ елі қайтсек көгереді?..»

29 мамыр, 2021

«Қазақ елі қайтсек көгереді?..». Бұл кураторлық сағатта ел болашағы жайлы сөз болып, студенттер үлкен белсенділік танытты. Сабақ барысында студенттердің пікірі мынаған сайыды: Ел президентінің, үкімет пен биліктің әрбір әрекеті ең бірінші кезекте қазақтың рухын көтеруге, сол арқылы оны жұдырықтай жұмылдыруға, Қазақстан халқын қазақтың айналасында ұйыстыруға, дәл сонымен бір мезгілде экономикада түбегейлі өзгеріс жасауға бағытталса екен. Қазақ тілін шын мәнінде мемлекеттік тілге айналдыру керек. Арнайы Үндеу жариялап, шетелде жұмыс істеп жүрген ғалымдар, бизнесмендер мен білікті мамандардың бәрін елге шақырып, оларға дәл сол елдердегідей жағдай жасалынатын болуы тиіс.