ҚазҰУ студенті "ТМД-ның үздік студенті" атағына ие болды

30 мамыр, 2021

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің 1 курс студенті Берік Арайлым ТМД елдері арасындағы ең үздік студенттердің бірі болды. Халықаралық “Genius” спорт, өнер, білім және ғылым халықаралық онлайн конференция кезінде Арайлым жүлделі 1 орын дипломымен, “ТМД-ның ең үздік студенті” төсбелгісімен марапатталды және “Жас қыран” кітабына енгізілді.