«Бабалар аманатына адалдық»Farabi University

«Бабалар аманатына адалдық»

31 мамыр, 2021

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде «Бабалар аманатына адалдық» атты 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандары болған Алаш көсемдерін еске алуға арналған эссе жазу байқауы болып өтті. Байқауды ұйымдастырған «Шамшырақ» әдеби клубы. Шығармашылық байқауға ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары мен осы факультеттің құрамындағы колледж студенттері қатысты. Олар өздерінің шығармаларында өткен ғасырдағы алапат нәубетті жылдардың тарих бетінде қалған ізін, Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғалардың елі үшін еткен еңбектері мен артында қалған мол рухани мұралары туралы толғана жазды. Байқауға онна аса үздік туындылар іріктеліп алынып, төмендегі шәкірттеріміздің шығармаларын үздік деп таныдық:

І орын- Нұржол Жұманәлі (ЖОО д.д.к. 17-топ тыңдаушысы)

ІІ орын- Ақылхан Аялай, ( колледж 103 т.шәкірті)

            Чечасова Лилия ( колледж 102 т. Шәкірті)

ІІІ орын- Серікбай Нұрила (колледж)

            Диканская Анастасия

            Олжасұлы Ердәулет