- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әлемдік білім кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көкжиектері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
«Әлемдік білім кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көкжиектері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 5 маусым күні сағ. 10:00-де академик А.Қ. Құсайыновтың 70 жылдығына арналған «Әлемдік білім кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа көкжиектері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Асқарбек Қабыкенұлы – Германияның доктор-инженері, педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, академик, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің игері, 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Болгария, Моңғолия, Үндістан, Қырғызстан және басқа елдердің ғалымдары, оқытушы-профессорлары мен мектеп мұғалімдерден 167 мақала келіп түсті. Олар конференция жұмысына онлайн-офлайн режімінде қатысады.
Мақалалар бес секция аясында өтеді: жаһандану жағдайындағы әлемдік білім беру жүйелерінің интеграциясы; жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі: құндылықтар мен бағдарлар; университет 4.0 форматындағы білім беру үдерісін цифрландыру; әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы: салыстырмалы аспек және академик А.К. Құсайыновтың салыстырмалы педагогика саласындағы ғылыми-педагогикалық мектебі – талқыланатын болады.
Университет ректоры Қ.Ж. Түймебаев Түркістан облысының әкімі болған уақытта академик А.Құсайыновтың ұсынысын мақұлдап, 2018-2019 және 2019-2020 оқу жылдарында төрт ауданда, ауылдық жерлеріндегі қазақ мектептерінде, «Орта білім беру сапасын ғылыми негізде көтеру» тақырыбында көлемді эксперимент басталып, жүргізілді. Оған 43 мектеп, 3171 оқушы, 385 мұғалім қатысты. Соның нәтижесінде экспериментке қатысқан сынып оқушыларының білім сапасы басқалармен салыстырғанда 6-8 пайызға көтерілді.
Конференцияға келіп түскен барлық мақалалар 600 бет көлемімен арнайы жинақ болып жарық көрді.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы мен Педагогикалық Ғылымдар Академиясы
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 409 ауд.
Платформа: Zoom
Сілтемесі:https://us02web.zoom.us/j/2363498898?pwd=Qm1sc3NZenEzQVlTempYdmJzZjQwdz09
Идентификатор: 236 349 8898
Код: 1234
Идентификатор: 236 349 8898
Код: 1234