Берлин Иришев дәріс өткізді

5 маусым, 2021

Университетімізде белгілі дипломат және экономист Берлин Иришев «Әлемдік экономика: эгоцентризмнен дезинтеграцияға дейін» атты тақырыпта дәріс өткізді. Ол – Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы.

Әлемдік экономикадағы жаһандық тенденциялар жай ғана болжам деуге келмейді. Бұл қазіргі уақытта болып жатқан жайттардың көрінісі. Бүгінде халықаралық ұйымдар мен үкіметтер халықаралық бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық тиімділікті арттыру стратегиялары туралы маңызды шешімдер қабылдауда. Мұның бәрі ұлтшылдықтың белең алуы мен дезинтеграция, яғни ыдырау процестерінің өсуі аясында жүзеге асырылып келеді.

Білім ордасының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы осындай мәселелер талқыға түскен қызықты дәріске қатысты. Дәріс ZOOM платформасының көмегімен қашықтықтан оқыту форматында өтті. Шара барысында Берлин Кенжетайұлы әлемдік экономика және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастары бойынша қатысушылардың көкейде жүрген сауалдарына жауап берді.

Әл-Фараби атындағы Баспасөз қызметі