«Алтын Орда: өркениеттер тоғысында»

16 маусым, 2021

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылы 22 маусымда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Алтын Орда: өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияда Алтын Орданың әлемдік тарихтағы орны мен рөлі ашып көрсетіледі және оған қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланады.

Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алтын Ордадағы этно-мәдени құндылықтардың тарихи белгілері, көшпелілер қоғамы институтының саяси және этноәлеуметтік іргетасы, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын зерттеу аспектісінде қарастыруға арналған, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы саяси және мәдени, әлеуметтік тарихтың беталысын өзгерткен және жүргізілген археологиялық зерттеулердің жаңалықтары негізінде Алтын Ордадағы мәдениеттер сұхбаттастығына қатысты тың тұжырымдар мен зерттеушілердің ғылыми жаңалықтары сарапталады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-         Заманауи зерттеулердегі Алтын Орда тарихы;

-         Алтын Орданың рухани мұрасы;  

-         Алтын Орданың әлем тарихындағы орны;

-         Алтын Орда археологиясы: мәселелері, ерекшеліктері және болашағы.

Конференцияға шетелдік және жетекші тарихшы, археолог, филолог, шығыстанушы, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшаларда беріледі.

 

Конференция 2021 жылдың 22 маусымында, сағат 11:00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми Кітапханасында (409 зал) өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/9273884317?pwd=V2EyZGdOd0hOa2VNMzdPMnJSUW02Zz09

Конференция идентификаторы: 927 388 4317

Қосылу коды: 096014