Погребняк Александр Дмитриевич

23 маусым, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасында Биоинженерия және биоматериалдар саласындағы жетекші маман, физика-математика ғылымдарының докторы, Elsevier академиялық баспасының еңбек сіңірген рецензенті, сумму профессоры Погребняк Александр Дмитриевич жұмыс істейді. А. Д. Погребняк Scopus және Google Scholar мәліметтері бойынша Украинаның үздік 10 ғалымының ішінде 8-ші орынды алады. Халықаралық деректер базасында дәйексөзділік индексі жоғары, Хирш индексі 43 (Scopus), Google Scholar дерекқорындағы h-индексі 49 - ға тең.
А. Д. Погребняк, еңбек сіңірген профессор ретінде Украина Президентінің стипендиясына ие болды.
Өз қызметі кезеңінде ол АҚШ, Германияның әлемнің жетекші институттарында, сондай-ақ Жапония, Франция, Германия, Австралия, Италия, Финляндия, Польша, Оңтүстік Корея, Қытай, Грекия, Қазақстан және т.б. ғалымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істеді, ол 65-тен астам мемлекеттік келісімшарттарды, шаруашылық келісімшарттарды, мемлекеттік тапсырыстарды, халықаралық гранттарды, ХҒТО (халықаралық ғылыми-техникалық орталық), КҒТО (ғылыми-техникалық қызметтер орталығы) тапсырыстарын іске асырды.