СТУДЕНТТЕР ҮЙІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ
Бірінші кезекте 31 тамыздан бастап 1-курс студенттері орналаса бастайды.
Екінші кезекте 6 қыркүйектен бастап жоғары курс студенттері, әлеуметтік категориясына байланысты (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер; денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі студенттер; ата-анасы денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі студенттер; көпбалалы отбасынан шыққан студенттер; шетелдік студенттер) орналасады.
1-КУРС СТУДЕНТТЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ
1. Сырттан келген баспанаға мұқтаж студент қабылдау комиссиясына, факультет деканатына өтініш беріп, кезек талаптарын растайтын құжаттарды онлайн өтінішке тіркейді.
2. Комиссия шешімінің негізінде оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі декан орынбасары студенттерді студенттер үйіне орналастыру туралы электронды түрде ұсыныс жасайды. Бұл тізім «УНИВЕР» жүйесі арқылы проректорға жолданады. Проректор тізімді «Бекітеді».
3. Студенттер үйінде тұруға рұқсат берілген студенттердің тізімі «УНИВЕР» жүйесі бойынша студенттер үйінің меңгерушісіне және оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарына жолданады. Деканаттан бекітіліп берілген тізімге сәйкес, ордер жазылып, студент бір оқу жылына студенттер үйіне орналастырылады. Студенттер үйіне орналасатын студенттердің тізімі «Универ» жүйесінде жарияланады және факультет пен жатақхананың хабарландыру тақталарына ілінеді.
4. Ордер негізінде деканаттың «Универ» жүйесінде жариялаған тізіміне сәйкес, ақысы төленгеннен кейін студенттерді орналастыруды студенттер үйінің меңгерушісі жүзеге асырады.
5. Келісімшартқа отырып, студенттер үйінен орын алуға ордер алған студент бес күн ішінде студенттер үйіне орналасуы тиіс немесе себепті жағдайлар болса, орналасу мерзімін ұзарту жөнінде факультет басшылығына ескерту керек. Студенттер үйінде тұру жайлы келісімшартқа отырған сәттен бастап бір аптаның ішінде студенттер ҚазҰУ денсаулық сақтау пунктінен медициналық тексеруден өтуі тиіс. Медициналық тексеруден уақтылы өтуді студенттер үйінің меңгерушісі бақылауға алуы тиіс.
ЖОҒАРЫ КУРС СТУДЕНТТЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ
1. Жоғары курс студенттері жеңілдіктермен орналастырылады (жетім балалар, мүгедектер, ата-анасының екеуі де мүгедек, үздік студенттер, олимпиадалар мен универсиадалардың жүлдегерлері, үкіметаралық келісім бойынша шетелдік студенттер).
2. Өткен оқу жылында тұрған студенттер жүйеде жеңілдіктер бойынша сараланады.
3. ОӘжТЖ бойынша декан орынбасары жеңілдіктері бар студенттердің тізімін басып шығарып, факультетте іледі және «Универ» жүйесіндегі өз парақшасында жеңілдіктері бар студенттерді іріктеп, проректорға ұсыныс береді.
4. Студенттің жеңілдігіне сәйкес, оған бірінші кезекте студенттер үйінен орын беріледі.
5. Студенттер үйінен орын берілген студенттер міндетті түрде COVID-19-ға қарсы вакциналаудан өтіп, вакцинация паспортын ұсынуы керек (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар тұлғаларды қоспағанда (мед. көрсеткіш); соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған тұлғалар; 18 жасқа толмаған тұлғалар. Бұл студенттер теріс COVID-19 ПТР тестін ұсынуы керек және аптасына бір рет ПТР тестінен өтуі керек – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 01.07.2021 ж. №31 қаулысы).
6. Қалған жоғары курс студенттері (2-4) «Универ» жүйесі арқылы өтініш береді. Өтініш «Универ» жүйесі арқылы ОӘжТЖ бойынша декан орынбасарына түседі. Декан орынбасары өтінішті қабылдайды. Студенттің жеңілдіктеріне сәйкес, автоматты түрде тізім жасалады.
Комиссия бос орындар саны мен студенттердің кезектілік тізіміне сәйкес, студенттер үйіндегі орындарды бөледі. Декан орынбасары «Универ» жүйесі бойынша орналасу үшін студенттер тізімін әлеуметтік даму жөніндегі проректорға жібереді.
Проректор ұсыныстағы студенттер тізімін бекітеді. Бекітілген студенттердің тізімі декан орынбасары мен жатақхана меңгерушісінің парақшасында көрінеді.
ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛҒАН СТУДЕНТТЕР
Студенттің парақшасына оның өтініші бекітілгені туралы хабарлама келеді. Студент ордерді басып шығарып, жатақхана меңгерушісіне барады.
Жүйе автоматты түрде студентке орын бөледі, студент тұру ақысын төлейді, жатақханаға орналасады және бекітілген мерзімде медициналық тексеруден өтуі керек.
ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛМАҒАН СТУДЕНТТЕР
Студенттің парақшасына оның өтініші кезектілік тәртібімен қаралатыны туралы хабарлама келеді.
Назар аударыңыз!
Студенттер үйінен орын берілген студенттер міндетті түрде COVID-19-ға қарсы вакциналаудан өтіп, вакцинация паспортын ұсынуы керек (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар тұлғаларды қоспағанда (мед. көрсеткіш); соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған тұлғалар; 18 жасқа толмаған тұлғалар. Бұл студенттер теріс COVID-19 ПТР тестін ұсынуы керек және аптасына бір рет ПТР тестінен өтуі керек – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 01.07.2021 ж. №31 қаулысы).
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БАР СТУДЕНТТЕР
Студенттің парақшасына құқық бұзушылыққа байланысты орын ала алмайтыны туралы хабарлама келеді.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс тел: 8-775-118-82-88 (Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Жұлдыз ДӘПЕНҚЫЗЫ)