Оңтүстік Африканың үздік университетімен байланыс

17 қыркүйек, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Оңтүстік Африка республикасы Елшілігінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Пис Кеннеди ресми іс-сапармен келді. Кездесуде ынтымақтастық, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сапар барысында ОАР Елшілігінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Пис Кеннеди ҚазҰУ-дың бірінші проректоры м.а Қ.Н. Мұқановпен кездесті.   Құрметті қонақты қарсы алған бірінші проректор алғы сөз алып, университеттің Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігімен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Ол 2015 жылдан бастап философия және саясаттану факультетінде Нельсон Мандела атындағы оқу аудиториясы сәтті жұмыс істеп келе жатқанын айтты.

«ҚазҰУ тұрақты түрде дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, онда академиялық топтардың әлемдік сарапшылары, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосады, - деп атап өтті Қанатбек Мұқанов. Осы жылдың шілде айында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нельсон Мандела халықаралық күніне арналған арнайы дөңгелек үстел өтті. Ашық диалог алаңына белгілі қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты. Құрметті қонақ ретінде Нельсон Манделаның немересі Ндилека Мандела ханым да болды.

Өз кезегінде Пис Кеннеди жоғары оқу орнының басшылығының жылы лебізіне алғыс білдіріп, Нельсон Мандела атындағы оқу аудиториясы сәтті жұмыс істеп жатқанына қуаныш білдірді. Елшілік аталған аудитория жұмысына қажетті фотоматериалдарды ұсынды. ОАР-дың Қазақстандағы Елшісі Кийтуметци Сайпело Тандека Мэттьюс ханымның атынан кеңесші ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар білдірді.

Атап айтсақ – Оңтүстік Африка республикасының үздік жоғары оқу орындарының бірін ҚазҰУ-дың бауырлас университетіне айналдыру мүмкіндігін қарастыру, әлемдегі ең ірі радиоинтерферометрді құру жөнінде SKA ғылыми-инновациялық жобасын іске асыру бойынша бірқатар шеберлік-сыныптар және семинар өткізу т.б.

Кездесу қорытындысында бірінші проректордың м.а. К.Н. Мұқанов Елшілік пен университет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жәрдемдесуге дайын екендігін білдіріп, астрономия, радиоастрономия, ғарыш саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті тұстарын атап өтті.

Тараптар ҚазҰУ мәртебесін халықаралық рейтингте ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыру, SKA жобасын іске асыруға дайындық бойынша тиісті іс-шаралар өткізу, сондай-ақ профессор Робб Адамстың ҚазҰУ студенттеріне арналған дәрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімге келді.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі