1 курс білім алушыларының Әл-Фараби ат. ҚазҰУ кампусына саяхаты

29 қыркүйек, 2021

2021 жылдың 9 қыркүйек күні ҚазҰУ колледжінің «Құқықтану», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 1 курс студенттеріне университетіміздің ғиамараттарымен, ғимараттардағы мұражай, кітапхана бөлімшелерімен, денешынықтыру залындағы жаттығу орындарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.


Экскурсия барысында 1 курс білім алушылары университеттің тарихымен, дәстүрлерімен ғимарат қызметтерімен толықтай танысты. Кампус бойынша экскурсия кезінде университетіміздің Әл-Фараби тарихы мұражайларында көптеген қызықты мағлұматтармен хабардар болды. Сонымен қатар ректорат ғимараттары, Ө. Жолдабеков атындағы студенттер сарайы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталықтары жайлы көптеген мағлұматтар берілді.