ҚазҰУ Халықаралық “Working across borders – 2021” жобасына қатысуда

22 қазан, 2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері Халықаралық “Working across borders – 2021” жобасына қатысуда. Бизнес-кейстерді шешуге бағытталған жобаға 14 мемлекеттен 600-ге жуық қатысушы тіркелген.


ҚазҰУ студенттері Бельгия, Нидерланды, Канада, АҚШ, Италия, Словения, Индонезия, Финляндия, Ресей, Украина, Гватемала, Гана, Бангладеш білімгерлерімен бірге зерттеу топтарын құрып, нақты компания мысалында БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына сай сараптама жүргізетін болады. Қатысушылар халықаралық деңгейде топтық жұмыс жасап үйренумен қатар, экономикалық және бизнес талдау әдістерін қолданып, біліктіліктерін шыңдайды.

Жобаның бірнеше кезеңінен сәтті өткен қатысушылар UC Leuven-Limburg университеті (Бельгия) тарапынан сертификаттармен марапатталады. 11 қазан мен 15 желтоқсан аралығында онлайн форматта жүзеге асырылатын жобаға ҚазҰУ тарапынан ЭжБЖМ деканының ҒЗЖ және ХҚ жөніндегі орынбасары, PhD, доцент Жидебекқызы Ақнұр жетекшілік етеді.