БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2 қараша, 2021

2021 жылы 5 қараша күні сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» сағаты архитектуралық құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

«Мәңгілік Ел» сағаты архитектуралық құрылысы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бастамасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынды. Бұл Тимирязев көшесі бойындағы – «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасынан бастау алатын «Мәңгілік Ел» орталық аллеясының жалғасы.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Әбдіразақұлы Мәми, жоба меценаттары, университеттің оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастар қатысады.

 

Мекен-жайы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы

Байланыс тел: 377-31-48; 8-777-222-87-64

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі