«Қазақстан Республикасының Конституциясы – елді демократиялық модернизациялаудағы құқықтық және әлеуметтік-саяси негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

31 тамыз, 2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – елді демократиялық модернизациялаудағы құқықтық және әлеуметтік-саяси негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелдің жұмысына философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер және саяси зерттеулер Республикалық ассоциациясының Президенті, саяси ғылымдарының докторы Әлияров Есенжол, «Астана» телеканалында «Ашық студия» бағдарламасының жүргізушісі, «АйтPARK» пікір-талас клубының модераторы, саяси ғылымдарының кандидаты Нұрлан Ерімбетов, «Нұр-Отан» ХДП Алматы қаласы филиалы төрағасының орынбасары, PhD доктор Санжар Боқаев, «Кворум» аналитикалық тобының сарапшысы Козырев Тимур, «Әлем дәнекер» қоғамдық фондының жетекшісі Руслан Жакупов және т.б. сарапшылар қатысты.

Өзінің алғы сөзінде философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариева факультет ұжымын және қонақтарды Конституция күнімен құттықтап, демократия, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, адам өмірі, құқығы және еркіндігі, қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық және т.б. құндылықтар, біздің еліміздің Конституциялық құрылысының негізін құрайтынын атап өтті.

Дөңгелек үстелде қазақстандық конституционализмнің дамуындағы теория және практика сұрақтары, Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық даму тәжірибесі талқыланып, қоғамдағы азаматтық келісімділікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі көрсетілді.

Айталық, саяси зерттеулер Республикалық ассоциациясының Президенті, саяси ғылымдарының докторы Есенжол Әлияров, Қазақстан Республикасы Конституциясының эволюциялық даму жолын сипаттады.

«Нұр-Отан» ХДП Алматы қаласы филиалы төрағасының орынбасары, PhD доктор Санжар Боқаев, Қазақстан Республикасының Конституциясы халық бірлігінің негізгі факторы екендігін атап өтті және диалектикалық тұрғыда кез келген конституция заңдылығының маңызды көзі ретінде халық бірлігі деп көрсетті.

«Quorum.kz» аналитикалық тобының сарапшысы Тимур Козырев, дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын ҚР мемлекеттік-конфессионалды қатынасына аударды. Жекелей алғанда, елде дәстүрлі конфессияға мемлекеттік көмектің қажеттілігін атап өтті (тіке немесе жанама, бірақ, тиімді болу керек). Сарапшының пікірінше, қазақстандық қоғам әлі де болса зайырлы мемлекет ұғымының мәнін және мемлекеттің конфессионалды саясаттың стратегиялық бағыты қандай болу керек екендігін түсінбей отыр – бұл түсінбеушілік пен мәселенің көзіне айналуда.
«Астана» телеканалында «Ашық студия» бағдарламасының жүргізушісі, «АйтPARK» пікір талас клубының модераторы, саяси ғылымдарының кандидаты Нұрлан Ерімбетов, Конституция азаматтардың құқықтарын қорғайтын негізгі құжат болу керектігін атап өтті. Ол үшін біздің азаматтардың саяси-құқықтық мәдениеті жоғары болуы қажет.

Дөңгелек үстелде этникалық педагогика кафедрасының доценті Айгүлім Айтбаева, дінтану және мәдениеттану кафедраларының профессорлары Бәтима Абирова және Қайрат Затов, философия кафедрасының доценті Лесхан Асқар, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры Кеңес Үмбетжанұлы Биекенов сөз сөйледі. Олар қоғамдық өмірдің маңызды салаларына назар аударды.

Сөз соңында саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Насимова, еліміздің жетістіктерінің барлығы Негізгі заң - Қазақстан Республикаксының Конституциясымен байланысты екендігін атап өтті және Конституция, елімізді демократиялық модернизациялаудағы құқықтық және әлеуметтік-саяси негіз болып отырғандығын айтты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі