Байқау тақырыбы: Қоғамдық тамақтану жобасын пандемия және пандемиядан кейінгі жағдайларға бейімдеу
Конкурсқа қатысушылар: Конкурсқа бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушылары, оның ішінде ұжым құрамында (бес адамнан артық емес) қатыса алады.
Жүлде қоры: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында Media Cafe-ні қаржылық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылар:
TAN Media Group
Al-Farabi Business School
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ
1.Жұмыс түрлері:
Эссе (500 сөзден кем емес Writing)
Презентациялар (15 слайдтан кем емес)
Конкурстық тақырыпқа сәйкес бейнеролик (5 минуттан артық емес)
2.Конкурсқа жұмыстар тек электронды түрде қабылданады;
3.Қатысу үшін жұмысты электронды түрде business.kaznu@gmail.com мекен-жайына жіберу керек
4.Жұмыстар техникалық талаптарға сай болуы керек (файл пішімі
jpg; .doc(x), .ppt(x), .pdf, .mp4)
5.Әрбір қатысушы Instagram-да жеке аккаунтында #mediacafefarabi хэштегімен пост жариялап, @farabi_business-ге жазылуға тиіс
(Байқау кезінде аккаунт ашық болуы керек)
Конкурсты өткізу кезеңдері:
Жұмыстарды жинау: 26.11.2021 дейін
Қорытынды шығару: 30.11.2021
ҰСЫНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
1.Жағдайдың сипаттамасында берілген ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы. Шешім әзірлеу және қабылдау үшін ақпараттың жеткілікті болуы;
2.Шешімнің негізділігі (шешімнің қойылған мәселеге сәйкестігі, ұсынылған шешімге қатысты конкурсқа қатысушының дәлелді ұстанымы, шешімді дұрыс баяндауы);
3.Практикада қолданылуы (ұсынылған шешім коммерциялық іске асыру әлеуетіне қаншалықты ие, жүргізілген қаржылық есеп айырысулар қаншалықты дұрыс);
4.Шешімнің бірегейлігі (ұсынылған мәселені шешудің өзіндік, стандартты емес тәсілі);
5.Ақпараттың сенімділігі (нақты ынтымақтастыққа негізделген компания туралы ақпаратты пайдалану, соның ішінде компания менеджерлері немесе қызметкерлерімен сұхбатты қолдану);
Барлық сұрақтар бойынша : +7 (727) 377 33 77
+7 (747) 957 21 57
Электронды мекен-жай:business.kaznu@gmail.com