ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ КОМАНДАСЫ АСТРОФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!

24 қараша, 2021

2021 жылдың 14-21 қараша аралығында 14-ші IOAA Колумбия мемлекетінің Богота қаласында гибртдтік форматта өткен олимпиадаға әлемнің 49 мемлекетінен 300-ге жуық оқушылар мен студенттер қатысты.

Ал биыл ерекше қуанышты жағдай болды! Он жыл бойы үздіксіз қатысып, БІРІНШІ РЕТ-Қазақстан ұлттық командасы Астрофизика және астрономиядан Халықаралық олимпиада АЛТЫН МЕДАЛЬ жеңіп алды!!!

Биылғы олимпиадаға Қазақстан ұлттық командасы мынадай құрамда қатысты: Хайдар Оразхан (Haileybury, Алматы) Диас Еспан, Сардар Конурбаев (Республикалық физика-математика мектебі) және Пітебай Ерсултан, Турсынкан Әкежан (Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі), жетекшілері Бейсен Нұрзада (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры) және Мансурова Айжан (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты, Назарбаев зияткерлік мектебі физика пәні мұғалімі), супервайзерлер Даулет Имашев және Алия Ахметова (РФММ мамандары).  Толық ақпарат bilimdinews.kz парақшасында жарияланған.