АКАДЕМИК Ш.Ә.ЕРШИН АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

8 ақпан, 2022

  ҚазҰУ-дың Механика-математика факультетінде Механика кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жетістіктері, сонымен қатар механика саласындағы ғылыми әзірлемелер көрмесі өткізілді.

  Аудиторияның салтанатты түрде ашылуы ары қарай академиктің саналы ғұмырына арналған ғылыми-конференцияға ұласты.

Конференция отырысы аясында 2021 жылдың 24-26 қараша аралығында өткен «Механика» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылып, «Механика» кафедрасының студенттеріне Ш.Ә.Ершин атындағы шәкіртақы тағайындалды. Демеушілерге Алғыс хаттар тапсырылды. Іс-шаралар кешеніне университет басшылығы, шетелдік (АҚШ, Польша, Ресей, Қырғызстан) және қазақстандық университеттердің ғалымдары, ғылыми орталықтардың өкілдері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысып, өз лебіздерін білдірді.

Конференция академик Шахбаз Әлімгірейұлы Ершиннің өмірі туралы деректі фильмнің премьерасымен аяқталды.

Аудиторияның ашылуына академиктің шәкірттері 2 550 000 тг қаржылай көмек көрсетуінің арқасында мүмкін болды.

Демеушілер:

Садыбеков Бақытбек, Власов О.А., Кожахметов А.Б., Кожахметов Т.Б. , Тулешов А.Қ., Қалтаев А., Жапбасбаев Ұ.Қ., және гидромеханика мектебінің шәкірттері.