Куратор-эдвайзерлерге арналған тренинг

11 ақпан, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлер мектебі 2022 жылдың 11-12 ақпанында 1-курс куратор-эдвайзерлеріне және факультеттердің аға куратор-эдвайзерлеріне «Қазіргі жағдайда жастардың бейімделуі: стреске төзімділік және резильенттілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.

Оқыту барысында келесі бағыттар бойынша тренингтер мен практикалық сабақтар өткізілетін болады:

 

-         ЖОО студенттерінің өзіндік сана-сезімі мен құқықтық мәдениетін дамыту;

-         ЖОО студенттері үшін оқудан тыс іс-шараларды ұйымдастыру технологиялары;

-         жастарды өзгерістерге бейімдеу, эмоционалдық жағдайды психокоррекциялау;

-         стрестік жағдайдағы адамның психологиялық тұрақтылығы;

-         рухани-адамгершілік тәрбие қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізі ретінде;

-         діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;

-         қарым-қатынас стратегиясы мен мінез-сипатының акцентуациясы.

 

Семинар-тренингтің мақсаты – төтенше жағдай кезінде жастарды бейімдеудің заманауи тәсілдеріне, стреске төзімділік пен резильенттілікті дамыту тәсілдеріне оқыту.