Театрдың жастарға берері мол

11 ақпан, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 1, 3, 5, 6, 7, 15, 17  топ тыңдаушылары және кураторлары Мужигова Г.М., Дауытова Ж.К., Нусупбаева С.А., Аширбекова Қ.С., Жұмаділ Г., Исаева Н.Т. 2021 жылдың қазанның 28 жұлдызында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, "Сыған серенадасы" атты қойылымды тамашалады. Іс шараның мақсаты: шет елден келген тыңдаушыларды еліміздің басты мәдениет ордасымен таныстыру. Вальс королі әйгілі сазгер Шәмші рухына арналған бұл туындыны тамашалау кезінде, тыңдаушылар ерекше әсерге бөленіп, рухани азық алып қайтқаны сөзсіз. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген  қайраткері Б.Тұрыстың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Н.Карабалинаның жоғары актерлік шеберліктері жас ұрпақты тәнті етті.