“Жастар зиянды тәуелділікке қарсы”
08.11.2021. «Экономика» кафедрасы «Жастар зиянды тәуелділікке қарсы» атты іс-шара өткізді. Экономика 1 курстың старостасы Тәпи Ернар: «Жалпы қазіргі XXI ғасырда жас азаматтарда зиянды заттарға тәуелділік, әуесқойлық өте қатты жиі байқалынып жатыр,» - деп осы тақырыпты бастады. Тәпи Ернар осы тақырып бойынша группамен қосылып презентация дайындап, эдвайзерлік сағатта ұсынды. Барлық группадағы балалар осы тақырыпты ашуға белсенді қатысты. Кузембаева Нурайлымның айтуынша тәуелділіктің кез-келген түрі жаман, тәуелді бола отырып, адам өзінің санасын түрмеге кіргізеді, өзі туралы көп нәрсені көре алмайды және тәуелділіктен болған нәрсеге ғана шектеледі. Мауленова Мөлдір психологиялық тәуелділіктің белгілері жайлы айтып кетті. Әбзелбек Ляззат болса осы психологиялық тәуелділіктің түрлерін атап кетті. Студенттің айтуынша махаббатқа тәуелділік , компьютер және тіпті эмоционалдық тәуелділік түрлері бар. «Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі тартады екен.» - деп Тағабек Ұлдана жаңа проблема жайлы сөз қозғап өтті. Осы жайлы Бекбай Назерке болса, адам темені тастаса туындайтын жақсы өзгерістер жайлы баяндап кетті. Ал, Мусаева Орынбасар болса темекіден жаман әсерлер жайлы айтты. Саурықова Фариза мен Қосбай Зере екеуі алкогольге тәуелділік тақырыбын қозғады. Сабикенова Айдана мен Тұрлымбет Шұғыла екеуі басқа да тәуелділіктер, мысалға ойынға, тамаққа деген сияқты мәселені айтып кетті. Осы тақырыпты қорытындылау үшін староста Тәпи Ернар барлығына сұрақ қойып, группа арасында пікірталас болды. Ерекше белсінділікпен пікірталаста атсалысқан Сағынбаева Әсем мен Орынғалиева Гүлсезім болды. Қорытындылай, «Экономика» кафедрасының аға кураторы Тураров Д.Р. жастардың зиянды әуесқойлықтарға тәуелділігі жайлы өз ойын айта кетті.