«Біздің болашақ мамандығымыздың Қазақстан болашағына әсері»
2021 жылдың 2 желтоқсанында «Экономика» кафедрасы зум конференциясында «Біздің болашақ мамандығымыздың Қазақстан болашағына әсері» атты тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Экономика мамандығы группасының көрнекті мүшесі Әбзелбек Ләззат: «қоғамның экономикалық өмірі жан-жақты және әртүрлі экономикалық ғылымдар зерттейді. Бұл жағдайда бізді оның жалпы қоғам өмірі мен оның экономикалық дамуы арасындағы байланыс, экономиканың әлеуметтік өмірге әсері, экономикалық өмірдің негізгі көріністері, экономиканың қоғамның басқа аспектілерімен байланысы сияқты жақтары көбірек қызықтырады,» - деп тақырыпты бастап кетті. Сабикенова Айдана мен Умархан Аян экономист міндеттері жайлы, Қазақстанға қоса алатын үлестері жайлы баяндады. Барлық студенттер ашық пікірталас ұйымдастырып, экономика мамандығының болашақта қалай көмектесе алатынына өз ойларын қосты.