Халықаралық құқық пәні бойынша республикалық студенттік олимпиада
![](/images/default_news.png)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті 2022 жылдың 30 сәуір күні, сағат 10.00-де Халықаралық құқық пәні бойынша республикалық студенттік олимпиаданы онлайн режимінде өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты:
Студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру; білім алушылардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік сана-сезімін, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі таныту және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау; студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.
Олимпиада өтетін орын:
Алматы қ., Қарасай батыр к-сі 95, Халықаралық қатынастар факультеті.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
5В030200 - «Халықаралық құқық», 6С0042 - «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламалары (мамандықтары) бойынша оқитын бакалавриат ЖОО-ның 3-ші және 4-ші курс студенттері қатысуға шақырылады.
Бір ЖОО-нан қатысушылардың ең көп саны 3 адамды құрайды.
Олимпиада үш турдан тұрады. Олимпиадаға қатысу үшін 2022 жылдың 6 сәуіріне дейін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://onlinetestpad.com/dispkua7uqjoo
Олимпиада ережелерімен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: https://kaznu.kz/ru/25561/page/
Барлық сұрақтар бойынша Олимпиада ұйымдастырушысы Нысанбекова Ләззат Бегімжанқызына +7 (701) 5553581 (Whatsapp) нөмірі арқылы немесе debateclub.lex@gmail.com электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/3748691102668aabb7cc4b4725412479_2.jpeg)
![](/storage/news/3725685914668aaba6731d2115234536_1.jpeg)
![](/storage/news/3056523547668a22404a468225082826_1.jpeg)