Көктемнің келуімен наурыз мерекесін тойлау басталады. Күн мен түн теңеліп, табиғат түрлене бастайтын осы шақ ададардың да жанына жылу, көңілдеріне жайлылық сыйлайды. Наурыз тойын тойлау ұлттық мерекелердің біріне, ұлттық құндылықтарды насихаттау құралына айналды. Осы орайда 2022 жылдың 30 наруызында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік-танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара мақсаты студент жастар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауды, оларды атадан балаға жеткізуді дәріптеу болып табылады. Шараға «Есеп және аудит» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты. Мерекелік шараны эдвайзерлер А.З. Арыстамбаева, А.А. Исаева, Г.Е. Жунисова ұйымдастырып, 4 топ арасында сайыс түрінде өткізу ұйғарылған. Әділ қазылар алқасы ретінде кафедра меңгерушісі Нурмагамбетова А.З., ЭжБ Жоғары мектебінің аға эдвайзері Кулиев И.О., кафедра оқытушылары, профессор м.а. Баймуханова С.Б., Ж.З. Оралбаева қатысып, төрелік жасады. Төрт топ студенттері төрт ауыл ретінде ұлттық дәстүрлерден алдын-ала таңдалған тақырып бойынша көрініс көрсетті, өнер сайысында күй тартып, ән шырқады, спорттық қол күресі жарысы өткізіліп, сұрақтарға жауап та берілді. Ұлттық тағамдар мен сусындарға толы дастархан да ұмыт болған жоқ. Мұндай шаралардың студент жастарда ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытуда, жастарды өзара достық, сыйластыққа тәрбиелеуде, жауапкершілік деңгейін арттыруда мәні жоғары. Жүлделі орындар өзара сарапқа салынғанымен, барлық қатысушыларды жеңімпаздар деп есептейміз, бұдан былай да үлкен табыстарға жетулеріне тілектестік білдіреміз.