«Татулық-достықтың киелі бесігі»
2022 жылдың 28 сәуірде Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзерлері Исаева А.А., Жунисова Г.Е., Арыстамбаева А.З. ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» мамандығының 2 және 3 курс студенттері «Татаулық-достықтың киелі бесігі» тақырыбында мерекелік танымдық іс-шара өткізді. 4 топ студенттері таңдап алынған Ресей, Корея, Үндістан, Өзбекстан сынды 4 елді қонақтар мен әділ қазылар алқасына таныстырды, сол елдердің өнерін көрсетіп биінбиледі, көне дәстүрлерін мысалға келтіріп, мән мағынасын түсіндірді, жалпы танымдық викторина сұрақтарына жауап беріп, өзара сайысқа түсті. Әділ қазылар алқасы құрамында ЭжБЖМ деканы орынбасары Калиева А. Е., ЭжБЖМ аға эдвайзері Кулиев И.О., кафедра меңгерушісі Нурмагамбетова А.З., профессор м.а. Баймуханова С.Б. тарапынан студенттер еңбегіне өз бағасын беріп, сайыс болғандықтан да жеңімпаздар анықтап, дипломдармен марапаттады. . Студенттеріміздің бүгін қасында жүрген өзге ұлт өкілі болып табылатын досын сыйлап, құрметтеп үйренуі арқылы ертеңгі күні еліміздің аумағында өмір сүріп, бір үйдің баласындай болып кеткен кез-келген ұлт өкіліне деген сыйластық өзегі қалыптасады деп сенеміз. Яғни, осындай шараларды өткізудің жастар тәрбиесіндегі маңызы зор. Түрі басқа болғанымен тілегіміз бір екені анық, ол бейбітшілік, өзара сыйластық пен ынтымақтастық. Тек, осы қағидаларды берік ұстану арқылы мемлекет ретінде үлкен белестерді бағындыратынымыз анық.