2022 жылдың 4 сәуірі мен 18 сәуірі аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттер арасында экономика мамандығы бойынша XIⅤ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізді. Ол онлайн түрінде өтті. Бұл олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу және олардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру, сонымен қатар студенттердің ғылыми жұмыстарға деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Торайғыров университеті, Е.А. атындағы Қарағанды ​​университетіАлматы менеджмент университеті, Тұран-Астана университеті, Алматы Технологиялық университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, А.Байтұрсыноватындағы Қостанай өңірлік университеті және т.б.сияқты 22 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен олимпиадаға «Экономика» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Олимпиаданың республикалық кезеңі екі турдантұрды. Бірінші кезеңде біздің «Ноу-хау» командамыз «Ұлттық экономиканың дамуындағы инновацияның рөлі мен маңыздылығы» тақырыбында эссе жазып, екінші турға қатысу үшін іріктеу кезеңінен өтті. Екінші турда олармамандықтың бес пәні бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, қолданбалы есептерді шығарды. Олимпиада мамандықтың бес пәні бойынша өткізілді: экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика, кәсіпорын экономикасы.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Ноу-хау» командасының студенттері Айтназаров Темур, Қадырбекова Далила, Дидарқызы Қаракөз жүлделі 2-орынға ие болды. Команданың ғылыми жетекшісі Андабаева Г.К., э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының профессор м.а. (https://enu.kz/ru/info/novosti-enu/66117/)

Андабаева Гульмира Кенжегалиена

и.о. профессор кафедры «Экономика», к.э.н.