Ақпараттық технологиялар факультеті сұранысқа ие мамандар даярлайды
ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультеті 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Факультет миссиясы – ұлттық экономиканың қарқынды дамып келе жатқан АТ секторына әлемдік деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау.
Ақпараттық технологиялар факультетінде үш кафедра жұмыс істейді: Ақпараттық жүйелер, Информатика, Жасанды интеллект және Big Data.
Факультеттің 11 ғылыми-зерттеу зертханасы бар: Kaspersky, HP, CISCO, ALCATEL, PERCO, зияткерлік ақпараттық жүйелер, TEMPUS PROMIC халықаралық жобасы, компьютерлік ғылымдар, зияткерлік программалық жүйелер, өндірістік бақылауыштар, ақпараттық технологиялар және дизайн студенттік зертханасы.
Барлық білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленеді және практика қажеттіліктеріне бағдарланған. Сондай-ақ ҚазҰУ профессорларымен бірге серіктес фирмалардың қызметкерлері де білім беруге тартылады.
ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ
Бакалавриат
6В06102 – Ақпараттық жүйелер
6В06101 – Өндірістік ақпараттық жүйелер
6В06106 – Жасанды интеллектіcі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер
6В06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
5B011100 – Информатика
6В06104 – Компьютерлік ғылымдар
6В06103 – Компьютерлік инженерия
6B06107 – Деректер туралы ғылым
6B07113 – Интеллектуалды басқару жүйесі
Магистратура
7М06101 – Есептеуіш лингвистика
7М06102 – Ақпараттық жүйелер
7М06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
7M06113 – IT-менеджмент
7M06302 – Ақпараттық қауіпсіздік аудиті
7M06104 – Компьютерлік ғылымдар
7M06103 – Компьютерлік инженерия
7M06114 – Жүйелік инженерия
7M07113 – Бизнес талдау мен Big Data
7M07115 – Машиналық оқыту және дерек өңдеу
7M07128 – Интеллектуалды басқару жүйелері
PhD докторантура
8D06101 – Ақпараттық жүйелер
8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
8D01502 – Информатика
8D06103 – Компьютерлік ғылымдар
8D06102 – Компьютерлік инженерия
8D06105 – Жүйелік инженерия
8D06114 – Медицина саласындағы жасанды интеллект
8D07116 – Интеллектуалды басқару жүйелері
8D07109 – Автоматтандыру және Internet of things