30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

30 тамыз, 2022

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттер, магистрант, докторанттар!

 

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заңымыз – мызғымас мемлекеттігіміздің айғағы, өркениетті дамуымыз бен кемел келешегіміздің кепілі.

Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен азаматтық келісімнің негізі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтай келе: «Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата Заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті», – деп атап өтті.

Елімізде тұрақтылық болып, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!

Шаңырақтарыңызға құт-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

 

Құрметпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ