Шығыстану факультетінде өткізілген Жазғы мектеп
Жазғы мектепке 16 студент қатысты. Жазғы мектептің басты мақсаты- Жапония университететтерінің студенттерін Орталық Азия халықтарының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыру, осы өңірде өмір сүретін әр халықтың өзіндік ерекшелігі, ұқсастықтары туралы мағлұмат беру.
Жазғы мектеп жоспарына сәйкес, студенттерді Алматы қаласымен таныстыру үшін экскурсия ұйымдастырылып, студенттер Орталық музейге, Көктөбе демалыс орнына барды. Демалыс күндері Шарын шатқалына, Тамғалы тас сияқты мәдени мұра болып табылатын жерлерді тамашалады. Жазғы мектеп аясында Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері де осы эксурсияларға белсене атсалысып, кездесулер ұйымдастырылып, екі жақтың студенттері де оқып жатқан тілдерін ұстартуға мүмкіндік алды. Курс соңында студенттерге сертификаттар табысталды.