Республика күні – ұлттық мереке

27 қазан, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының 2–курс студенттері қазан айының 20 жұлдызы 25-қазан Республика күніне орай  “Республика күні – ұлттық мереке” атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында қазіргі таңда жастар арасында қазақ тілін шет елдерде таратып, дамуына ықпал етіп жүрген тұлғалар туралы тақырып қозғалды, сонымен қатар аударма саласының мемлекеттің дамуындағы маңызы туралы студеттер өзара дискуссия жасап, ой-пікірлерімен бөлісті.