Лидерлік дәріс

18 қазан, 2022

18 қазан 2022 ж., «Бизнес технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының студенттеріне арналған лидерлік дәріс өтті. Дәрісті ELA мүшесі, KLC қаржы директоры, Тұран университетінің «Маркетинг және логистика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Чакеева Қарлығаш Сайлаубаевна өткізді. Дәріс барысында студенттер сұрақ қойып, өздерінің мамандықтарына деген қызығушылықтарын білдірді.