«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

21 қыркүйек, 2022

АЖ-22-3 тобының студенттеріне тіл мерекесіне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»  тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге, өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында тәрбиелеу жұмысы жүргізілді. Топпен жұмыс жасауда өзіндік ойларын ортаға салуға, сыни ойлауға, ой қорытынды жасауға мүмкіндіктер берілді. Кураторлық сағат топ эдвайзері Максутова Шынар Усеровнаның жетекшілігімен жүргізілді.