АНАЛИТИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС-ПРОЦЕССТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

19 қараша, 2022

«Экономика» кафедрасы «Кәсіпкерлік» пәнінің шеңберінде қонақ дәріс ұйымдастырды. Спикер - Durham University түлегі, «Magnum Cash&Carry» ЖШС - нің Бизнес аналитика бөлімінің басшысы Сакен Кудияров.  Спикер барлығымыз білетін Beeline Kazakhstan, RG Brands, FirstBIT, Vodafone жұмыс істеген. Дәріс “Аналитика және бизнес-процесстерді цифрландыру” тақырыбында өтті. Дәріс барысында студенттер бизнес аналика жасау дағдысының, бизнес аналитикадағы эконометрикалық талдаудың және бағдарламалау әдістерінің маңыздылығы, тиімділікті арттырудағы цифрландырудың маңыздылығы туралы ақпаратты  «Magnum Cash&Carry» ЖШС кейсінде танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.