ҚазҰУ сайлауда белсенділік танытуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру үшін үш сайлау учаскесі жұмыс істеуде.
ҚазҰУ қалашығы аумағында №258, №259 және №568 сайлау учаскелері өз жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының жетекшісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қалашықта орналасқан №258 сайлау учаскесіне барып, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Кейін білім ордасының басшысы ҚазҰУ аумағындағы өзге де сайлау учаскелерін аралады.
Университетте орналасқан сайлау учаскелерінде бекітілген тізім бойынша жергілікті тұрғындар мен ҚазҰУ ұжымы, сондай-ақ студенттер саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі