Әділетті Қазақстан құрудағы жастар қоғамының рөлі

24 қараша, 2022

🚩23.11.2022ж. Әділетті Қазақстан🇰🇿 құрудағы жастар қоғамының рөлі тақырыбы аясында «Dauletten»🏦 қайырымдылық қорының директоры Қуандық Жасұлан Бостандықұлымен Экономика және бизнес Жоғары мектебінде тамаша кездесу өтті.🔹Кездесудің мақсаты - жастарға үлгі тұтарлық түлектердің қазіргі жетістіктерге жетуінің сырымен бөлісіп, жастарды әділетті қоғам құруға шақыру, қоғамдағы үлесі мен маңыздылығын көрсету. 🔸Кездесу барысында сан алуан тақырып қозғалды.Қызықты студенттік шақ,активистикалық өмір, өмірдегі өзгерістер.Өздеріңіз білетіндей, аталмыш қордың басты миссиясы-көпбалалы,аз қамтылған отбасыларға үй алуға жәрдемдесу.❗Қуандық Жасұлан: «Кез келген өзгерісті өзімізден бастау керек. Мен де студент болдым, мен де активистік өмірге араластым, 3 курстан бастап  «Сұнқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы болдым. Активисттік өмірді қатар ала жүріп, бір емес  екі бірдей дипломды бірге алып шығуға болады десем де болады. Активистік өмір қабілеттер мен көп мүмкіндіктердің ашылуына үлкен үлесін қосады».🔹Кездесу өте қызықты өтті. Жастар мен пікір алмасып, өзекті тақырыптар қозғалды. Қатысушыларға жақсы іс жасаудың, қоғамда белсенді болудың маңыздылығы туралы айтылды. 🔸Өйткені кез келген жақсы іс өзіңізге еселеніп қайтатынын ұмытпау керек. Оның дәлелі аталмыш қордың  басқарушы-ұйымдастырушылардың тарихы жеткілікті.
Құрметті студенттер жақсы іс жасап, жарысайық! Өмір - ол бумеранг!
Ұйымдастырушы: Менеджмент кафедрасы.
Жауапты эдвайзерлер: Тасжарганов С.И., Жайназар Ә.Ж., Унербаева Р.У.