АБАЙ ІЛІМІ – рухани құндылықтар жүйесі

АБАЙ ІЛІМІ – рухани құндылықтар жүйесі
31 қазан 2022 ж. сағат 12.00-де ҚДСЖМ медицина және денсаулық сақтау факультеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты «Абай ілімі» пәні аясында факультеттік деңгейде «қоғамдық денсаулық» мамандығының 1 курс студенттері арасында «Абай ілімі – рухани құндылықтар жүйесі» атты пәнаралық шара өтті. Студенттер Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, ән шырқады. Абайдың қара сөздеріне байланысты көріністер қойып, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Абай ілімі» пәні біздің факультеттің 1 курс студентеріне 2 жылдан бері оқытылып келеді, бұл пәннің оқытылуының барлық факультеттер үшін де маңыздылығы жоғары. Абай ілімі жастардың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты. Студенттердің Абай шығармашылығымен жиі танысуы сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді. Абай ілімінің студент жастар үшін, еліміздің білікті азаматы болуда қосар үлесі орасан орасан зор.
https://www.instagram.com/reel/Ckk9tGxrENO/?igshid=MDM4ZDc5MmU
Басқа жаңалықтар


